«Тіл білгірлері» конкурсы

«Тіл білгірлері» конкурсы

«Тіл білгірлері» конкурсы
2022 жылғы 22 маусымда Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-да ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында және Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Алтай ауданының қала және ауылдық округтерінің әкімдері арасында «Тіл білгірлері» конкурсы өткізілді.
Конкурстың негізгі мақсаты мемлекеттік тілге деген құрмет, оның қолдану аясын кеңейту, еліміздегі әрбір азаматтың тілдік ортаны жетілдіруге, соның ішінде қазақ тілін қазақстандықтардың ортақ тіліне айналдыруға өз үлестерін қосуына қолдау көрсету болып табылады.
«Бірлік» және «Сұңқар» командалары «Мақал – сөздің мәйегі», «Жекпе-жек», «Сөзден сөз туады», «Келіңіз, ән шырқайық!», «Үй тапсырмасы», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Ойынның тобықтай түйіні» турларынан сүрінбей өтіп, Тілдерді оқыту орталығының қоржынына әрқайсысы көнерген сөздерін ұсынды. Конкурс қорытындысы бойынша екі команданың ұпай саны тең түсті.
Іс-шара соңында Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж. Аскарова мемлекеттік қызметшілерге алғыс хаттар мен құнды сыйлықтар табыс етіп,
Қазақстан халқына қызмет ету сияқты мәртебелі істе табыс, жақсылық пен бейбітшілік, кемеңгерлік пен төзімділік тіледі.
Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ