Өнімдерді қолданатын мерекелік

Өнімдерді қолданатын мерекелік

Желтоқсан айы жақындап келді, демек, Қазақстанда пиротехникалық өнімдерді қолданатын мерекелік іс-шаралардың уақыты келді. Отшашулар кез-келген мерекені еретгідей және есте қаларлықтай ете алады. Бірақ  көбінесе көңілді, мерекелік көніл-күй қорқыныш пен сақтықты басады, бұл өте қайғалы салдарларға әкелуі мүмкін. Пиротехникалық өнімдерді пайдалану желтоқсан айында және қантар айының басында болған өрттер мен жарақаттардың басты себебі болып табылады. Төменде айтылған ұсыныстар мен кенестер Сіздерге желтоқсан және жаңа жылдық мерекелерді сәтті қарсы алуға көмектеседі деп үміттенеміз. Кейбір ұсыныстар, Назар уадарыңыз! Пиротехникалық бұйымдарды сатып алғанкезде мұқият болыңыз, сәйкестік сертификатының,нұсқаулықтың, жарамдылық мерзімінің болуын тексеріңізю Олардың сыртқы түріне назар аударыңыз. Сынған, суланған өнімдерді, жарығы және басқа да корпус немесе фитиль зақымдары бар өнімдерді сатып алуға болмайды.

1.Пиротехникалық бұйымдарға нұсқалуық қоса берілуі тиіс.

2.Егер ол болмаса, қарапайым сақтық шараларын сақтау қажет:

Пиротехниканы ғимараттан кемінде 50 метр қашықтықта және адамдарлар 20 метр қашықтықта жел болмаған жағдайда пайдалану.

3.Пиротехникалық өнімдерді құрғақ және қаранғы, балаларға қол жетімсіз жерде сақтау керек.

4.Пиротехниканы өрт қауіпті сұйықтықтардың, запалдардың, газ плиталарының жанында ұстамау керек.

5.Пиротохникалық өнімдерді күнге қалдыруға болмайды (терезелердің астында, қылтималарда, күні бойы аулада және т.б.) Тікелей күн сәулесінің астында сол петардта бар заттар сақталатын үй-жайда бірде-бір жағдайда оттың шығуына жол бермеуге, соның ішінде темекі, сіріңке және т.б. жағуға болмайды.

7.сондай-ақ, пиротехниканы жертөлерде, көлік жайларда, көшеде сақтауға болмайды. Өнім сорып алуы мүмкін және сіз оны пайдалана алмайсыз.

Пиротехникалық бұйымдарда қолдану тәртібі:

1.Фейерверк үшін орынды таңдаңыз. Бұл үлкен ашық алаң, аула, гүлзар немесе ағаштар мен құрылыстардан бос алаң болуы мүмкін.

2.Таңдалған жерді мұқият қарап шығыңыз, көрші, 100 метр радиуста өрт қауіпті объектілер, автокөлік тұрақтары, көлікжайлар және т.б. болмауы тиіс.

  1. Қатты жел кезінде фейерверкті іске қосуға тыйым салынады, себебі қауіпті аймақ келемі 3-4 есеге артады.

4.Көрермендер іске қосу алаңынан 35-50 метр қашықтықта, міндетті түрде жел жағынан орналасуы тиіс.

  1. Пиротехникалық бұйыдарды тұрғын үйлердің жанында пайдалануға қатаң тыйым салында, олар терезеге немесе желдеткішке түсіп, қылтимаға немесе шатырда ұшуы мүмкін.

6.Сондай-ақ пиротехниканы жабық үй-жайларда, пәтерлерде, кеңселерде, адамдар лөп жиналатын жерлерде падаланұға болмайды.

Есіңізге болсын, өрт сөндіруден гөрі алдын алу оңай!  Өрт шыққан  жағдайда дереу «101» немесе «112» құтқару қызметінің телефоны бойынша хабарлаңыз!

 

Алтай ауданының ТЖБ