Алтай ауданы әкімдігі жер телімдерін және жер телімдеріне жалға алу құқығын сату бойынша саудалауда ағылшын тәсілі бойынша аукцион өткізілетіндігін хабарлайды

Алтай ауданы әкімдігі жер телімдерін және жер телімдеріне жалға алу құқығын сату бойынша саудалауда ағылшын тәсілі бойынша аукцион өткізілетіндігін хабарлайды

1. Жер телімдерін және жер телімдерін жалға алу құқығын сату бойынша аукцион 09 қараша 2021 жылы 15 сағат 00 минутта Алтай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 20 «Алтайн ауданы Әкімі аппараты» ММ үлкен залында өткізіледі.
2. Аукционға Қазақстан Республикасы азаматтары және мемлекеттік емес заңды тұлғалар сонымен қатар, шетел азаматтары, азаматтықсыз және шетелдің заңды тұлғалары аукционға қатысушы ретінде тіркелгендер қатыса алады.
3. Аукционға қатысушылардың өтініштерін тіркеу хабарландыру жарияланған күннен бастап және аукцион басталғанға 24 сағат қалғанға дейін «Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ (Алтай қаласы, Панфилов көшесі, 7) жүзеге асырылады.
4. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қажет:
1) аукционға қатысуға өтінім (өтінім үлгісі қосымша беріледі);
2) жеке куәләндыратын құжат;
3) кепілдік төлем енгізілгендігін растайтын төлем құжатының және банктегі есеп шоты нөмірінің көшірмесі;
4) өкілетті өкілді куәландыратын құжат;
5. Кепілдік төлемін төлеу телімнің немесе жалға алу құқығының бастапқы бағасынан 5% құрайды және «Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ ақшалай уақытша толтыру бақылау шотына № kz 730705034631510006, КНП 171 енгізіледі. Қатысушылар әртүрлі кепілдік төлем төлеуге құқылы, сонымен қатар, бір кепілдік төлем бір жер телімін сатып алуға құқық береді.
Аукционды жеңіп алған және сатып алу, сату келісім-шартын жасаған тұлғаның кепілдік төлемі сатып алу, сату шарты бойынша төлемдер есебіне кіреді.
6. Жер телімін сатып алу, сату шарты бойынша төлем қолда бар ақшамен емес келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
1) аванстық төлем аукцион барысында орнатылған, сатып алу, сату келісім-шартына қол қойылған күннен бастап банктік бес күннен кешіктірмей негізгі бағадан 50% мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік төлем аванстық төлемге тиесілі шотқа есептеледі;
2) қалған сома сатып алу, сату келісім-шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізілуі қажет.

Өтінім үлгісі

Приложение