Улы газ- қауыіпті!

Улы газ- қауыіпті!

Терезенің сыртында күн салқындай бастады, тұрғын үйлерде пештерді жағуда, ал тұрғын үйдің иелері өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін деп ойламай-ақ, жылы үйлерінде жайлылықтан ләззат алады. Ал қазір біз өрт қаупі туралы айтпаймыз! Көзге көрінбейтін, сезілмейтін, жасырын қауіпі бар - көміртегі тотығы. Көміртек тотығымен улану - бұл көмірқышқыл газының адам ағзасына енуі нәтижесінде дамитын, адам өмірі мен денсаулығына қауіпті және тиісті медициналық көмексіз өлімге әкелетін өткір патологиялық жағдай. Көміртек тотығымен улану байқалмауы мүмкін, себебі оның түсі мен иісі жоқ. Көміртек тотығы жанудың барлық түрінде ауаға таралады. Үйде, табиғи газ толық жанбаған кезде, пештің жұмысында қандайда бір ақаулар болғанда, пешпен жылытылатын үй-жайлардағы пеш жапқыштарын жабық түрде қалдырған кезде.

Улы газбен улану жағдайлары пештерді орнату және пайдалану ережелерін бұзу салдарынан орын алады. Жабық ысырмасы бар және жанбаған отыны бар пеш улы газ көзі болып саналады және білінбейтін уландырғыш болып табылады. Жанармай толығымен жанып кетті деп есептей отырып, үй иелері жылуды сақтау үшін пештің жапқышын жабады, сүйте отырып өздерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді!

Түтін мұржасындағы тартымы әлсіз кезінде (әдетте, тазартылмаған мұржалар) және ауа берілмесе, отын да жанып кетеді, нәтижесінде көміртегі тотығының пайда болуы мен жиналуына әкеп соғады. Түтін мұржасына күтім жасау қиын емес болап саналады – мұржаны жылына екі рет тазалау жеткілікті, жылыту маусымының басында және соңында, кірпіштің тігістерінің тығыздығын немесе модульдердің қосылыстарын тексеру қажет. Мұржаның пешпен байланысын тексеруге ерекше назар аудару керек, егер ақаулық болса, оны дереу жойыңыз. Есіңізде болсын! Сіздің өміріңіз бен денсаулығыңыз өз қолыңызда! Өрт қауіпсіздігі ережелерін ұмытпаңыз! Пештеріңізді жөндеңіз! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз!

 

 Алтай ауданының ТЖБ