2021 жылдың 6 қазанында «Алтай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің арнайы мониторингтік тобы жергілікті әкімдіктің қысқы кезеңге дайындығына қоғамдық бақылау жүргізді

2021 жылдың 6 қазанында «Алтай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің арнайы мониторингтік тобы жергілікті әкімдіктің қысқы кезеңге дайындығына қоғамдық бақылау жүргізді

Алтай қаласы әкімінің орынбасары К.А. Ахметова ұсынған ақпаратқа сәйкес, Алтай қаласында жылумен жабдықтау желілеріне қосылған қаланың барлық нысандарын жылумен қамтамасыз ететін 17 орталық жылу пункті бар.
2021 жылы Алтай қаласының жылумен жабдықтау бөлімшесі бойынша 2021-2022 жылдарға жылу беру маусымына дайындық барысында аудандық қазандықтың және жылумен жабдықтау желілерінің негізгі және қосалқы жабдығына 31,4 млн. теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:
1. ҚР №1,2,3,4 қазандықтары жөндеуден өтті;
2. ҚР қосалқы жабдықтарын жөнделді.
3. БӨАжА, ҚР байланыс құралдарын жөнделген.
4. ҚР электр жабдықтарын жөнделді.
5. Орамдық т / желілерін жөндеу, жылу желілері мен ОЖП бекіту арматуралары ауыстырылды.
6. ОЖП сорғы жабдықтары жөнделді.
Сондай-ақ, 6,5 млн.теңге сомасына 9500 тонна көлемінде күл-шлақ қалдықтары шығарылды.
Жүргізілген мониторинг барысында, 2021-2022 жылдарға ауданда жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес уақытылы өткенін көрсетті.
23.09.2021 жылы «Алтай ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің 22.09.2021 жылғы № 105 бұйрығымен аудан тіршілігін қамтамасыз ететін барлық объектілер мен тұрғын үйлерге жылу беру аяқталған.
Бүгінгі таңда барлық нысандар 100% қосылған.
«Алтай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі