"Ұлттық ақпараттық технологиялар" "Е – заң көмегі" (eup.kz)  ақпараттық жүйесін (бұдан әрі-"Е-заң көмегі"АЖ) әзірледі

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" "Е – заң көмегі" (eup.kz)  ақпараттық жүйесін (бұдан әрі-"Е-заң көмегі"АЖ) әзірледі

Елде жүргізіліп жатқан цифрландыру саясаты және "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңның 24-бабын іске асыру шеңберінде адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін автоматтандыруды көздейтін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру бойынша "Ұлттық ақпараттық технологиялар" "Е – заң көмегі" (eup.kz)  ақпараттық жүйесін (бұдан әрі-"Е-заң көмегі"АЖ) әзірледі.

Ақпараттық жүйені іске қосудың негізгі мақсаты халық үшін білікті заң көмегіне қолжетімділікті оңайлату, сондай-ақ адвокаттық қызметті және халықты заң көмегіне қамтамасыз ету жөніндегі заң консультанттарының қызметін автоматтандыру болып табылады.