Отбасы күні

Отбасы күні

Горняк мәдени бос уақыт орталығында және ауданның клуб мекемелерінде отбасы күнін мерекелеуге арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді, бейне роликтер, онлайн челлендждер шығарылды, сондай-ақ шығармашылық шеберханалар мен фотокөрмелер өткізілді.

«Горняк» мәдени – бос уақыт орталығында «Логика қайда?» ойыны өткізіліп, екі отбасы қатысты. Командалар түрлі тапсырмаларды орындап, ұпай жинады. Ұпай саны бойынша Чапаево ауылынан келген отбасы ең көп ұпай жинап, жеңімпаз атанды.

Барлық өткізілген іс-шаралардың мақсаты отбасы құндылықтары мен жақындарын біріктіретін мейірімділік туралы түсінік қалыптастыру.