Мемлекеттік қызметшілер арасында жасырын сауалнама жүргізу

Мемлекеттік қызметшілер арасында жасырын сауалнама жүргізу

Алтай ауданының экономика және бюджеттік жсопарлау бөлімінің басшысы, әдеп бойынша уәкіл ағымдағы жылы маусым айында ауданның мемлекеттік қызметшілері арасында жасырын сауалнама жүргізді. Сауалнамамен Алтай ауданының қалалар, кенттер, ауылдық округтер әкімі аппараттарының, дербес бөлімдердің 77 мемлекеттік қызметшілері қамтылды.

Сауалнама мемлекеттік қызметшілердің басшыларға деген көзқарасын, ұжымдардағы моральдық-этикалық климаттың жай-күйін және еңбек заңнамасының сақталуын ашуға мүмкіндік берді.

Сауалнаманы талдау көрсеткендей, сұхбаттасқан қызметшілердің 95% -ы мемлекеттік органдарда жұмыс жасауды ұнатады, барлық мемлекеттік қызметшілер басшылардың құзыреттілік деңгейіне жоғары баға берді.

Барлық мекемелерде еңбек заңнамасының шарттары сақталады, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың сақталуы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Сауалнама нәтижелері бойынша сауалнама нәтижелерін талқылау үшін жеке әңгімелер жүргізу жоспарланған.