Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және этикалық кодекс саласындағы заңнаманы түсіндіру

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және этикалық кодекс саласындағы заңнаманы түсіндіру

2021 жылғы 15 маусымда Алтай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, Алтай ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл Р.Ш.Хамитовтың басшылығымен «Алтай ауданы Малеевск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және этикалық кодекс саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.
Әдеп жөніндегі уәкіл этика кодексінің негізгі ережелерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын түсіндірді. Ол мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесі мен іскерлік сапаларына қойылатын талаптарды арттыру, мемлекеттік қызметшінің имиджін сақтау, пандемия кезінде санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігін түсіндіріп өтті.