Бірлескен отырыс

Бірлескен отырыс

Алтай ауданында партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің және Алтай ауданының Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының қатысуымен Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті.

Отырыс барысында Октябрь кенті, Жаңа Бұқтырма кенті, Никольск ауылдық округі әкімдерінің, туризм, кәсіпкерлік, ТКШ бөлімдері басшыларының аудан экономикасына инвестициялар ағынын ынталандыру және туризмді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есептері тыңдалды.

Қоғамдық кеңес мүшелері туризмді дамытуға инвесторларды тарту бойынша жұмысты жалғастыруды, Бұқтырма су қоймасының жағалауында ғана емес, ауылдық жерлерде де туризмді дамытуды, тәжірибе алуды, туристерді тарту үшін қолда бар интернет ресурстарды пайдалануды ұсынды. «Демалыс күні» жобасын құру және іске асыру мәселесі бойынша ұсыныстар енгізді.

Алтай қаласының әкімі И. Оконешников қатысушыларға Алтай қаласының санитарлық жағдайы, Алтай қаласын абаттандыру және Алтай қаласындағы орталық саябақты қайта құру барысы туралы айтып берді.

Осы бағытта одан әрі жұмыс істеу бойынша ұсыныстар берілді.