Судағы қауіпсіздік

Судағы қауіпсіздік

Суға шомылу маусымының жақындауына байланысты Алтай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлайды:

Су айдынында демалу орындарында болғанда:

1) мас күйінде және есірткіге масайған күйде суға түсуге және шомылуға;

2) қайықтардан, катерлерден, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секіруге;

3) тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге;

4) жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден асуға;

5) жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

6) су айдындарын ластауға және қоқсытуға;

7) жағалауда және киім ауыстыратын орындарда демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға;

8) жалған дабыл беріп айғайлауға;

9)  балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге рұқсат етілмейді.

Қазақстан Республикасының су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданады:

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:

1) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді;

2) Қазақстан Республикасының су айдындарында суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізеді;

3) судағы демалыс орындарында профилактикалық рейдтерді және патрульдеуді жүргізеді.

Жергілікті атқарушы органдар

1) коммуналдық жағажайларда құтқару бекеттерін, медициналық көмек пункттері мен қоғамдық қауіпсіздік бекеттерін құрады;";

2) суға шомылу және демалу үшін пайдаланылатын су айдындарына түгендеу жүргізеді және оларға нақты иелерді бекітеді;

3) су айдындарында құтқарушылармен жасақталған және құтқару жабдықтарымен және жарақтармен жабдықталған құтқару бекеттерінсіз, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін кезекші медициналық персоналмен және қажетті құралдармен, дәрі-дәрмектермен жабдықталған үй-жайларсыз және балалар шомылатын орындарсыз демалыс орындарын ашуға жол бермейді;

4) суға шомылуға және балаларды жүзуге үйрету үшін коммуналдық және балалар жағажайларын құрады және жабдықтайды;

5) суда жаппай демалатын орындарға аумақтық бөлімшелермен бірлесіп ерікті құтқарушыларды тартады.