Мейірімділік апталығы

Мейірімділік апталығы

«Игі істер марафоны» акциясы аясында Жаңа Бұқтырма кенті мәдениет үйінің еріктілері ерекше акция дайындады. Олар қуаныш және мейірімділікпен бөлісті!

Ауыл көшелерінде тұрғындардың назарын бірден аударған хабарландырулар пайда болды. Акцияны ұйымдастырушылар тұрғындарға «бақыт», «сәттілік», «махаббат», «денсаулық» деген жазулары бар қағаздың бір бөлігін алуды, тұрғындардың көңіл-күйлеріне қамқорлық жасалатынын, бұл үлкен әлемде өздерін маңызды және қажет екенін сезінуді ұсынды. Осы хабарландыруларды жапсырған еріктілер оларды қазір күлімсіреу мен жылы сөзге мұқтаж жандар оқитынына сенімді.