
2021 жылғы 16 сәуірде Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасын, «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және қазақ халқының мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, оқытушы, журналист, этнограф Ә.Бөкейхановтың 155 жылдығына орай «Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы» атты соңғы латыннегізді жаңа қазақ графикасы негізінде мәтінді онлайн-бақылау көшіру өткізілді.
Аталған іс-шараға Алтай ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерімен қатар Алтай ауданының соты, қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы, орталықтандырылған кітапхана жүйесі, архив, «Жылу-су орталығы» КМК-ның жүзге жуық қызметкерлері қатысты.
Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ