Балаларға арналған өрт қауіпсіздігі апталығы

Балаларға арналған өрт қауіпсіздігі апталығы

Балалардың отпен ойнауының алдын алу азаматтық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Себебі балалар, біздің байлығымыз және болашағымыз, сондықтан олардың өмірі мен денсаулығын сақтау маңызды болып табылады.

Алтай ауданының ТЖ Басқармасының инспекторлық құрамымен «Балаларға арналған өрт қауіпсіздігі апталығы» акциясын өткізуде. Аудан мектептерінде «Отпен балалар ойнауының және балалардың өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері» тақырыбында ашық сабақтар өткізілуде. Инспекторлар оқушыларға өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелері, өртті сөндіру құралдары және өрт қауіпсіздігі ережелері туралы атап өтті. Сондай-ақ, қызметкерлермен «өрт қауіпсіздігі ережелерін кім көбірек біледі?» тақырыбында викториналар ұйымдастырылып және сурет конкурстары жүргізілді. Сабақ барысында балалар құтқарушылардың ауыр жұмысы туралы және өрттен қалай сақтану керектігі туралы білді.

9-11 сынып оқушыларына «Құтқарушы» мамандығының басымдығы және Көкшетау техникалық институтына түсу туралы қосымша айтылып, оларға  өздерінің туған елдерінде, атап айтқанда КТИ-де білім берудің барлық «плюстері» түсіндірілді.

Осы акция аясында мектеп оқушылары жер сілкінісі кезінде қауіпсіз жерлерге эвакуациялауды және тыныс алу органдарын қорғауды қолдануды үйренді.

Оқушылар белсенді болды және КТИ-ге түсу және өрт кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтауға байланысты көптеген сұрақтар қойды, жәнеде олар тиісті жауаптарын алды.

Осы профилактикалық жұмысты жүргізіп жатқан Алтай ауданының ТЖ Басқармасы ерекше бақылауға алып, сөзсіз жалғастырады. Жас ұрпақ арасындағы профилактикалық жұмыс балаларымыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Алтай ауданының ТЖБ