«e-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы атрық төленген салықтарды басқару

«e-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы атрық төленген салықтарды басқару

Салық төлеушілердің назарына!

Алтай ауданы – Алтай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды.

«e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының қызметтерінің бірі - артық төленген салықтарды басқару  қызметі. Анығырақ айтқанда, артық төленген салық сомасын  бір салықтан екінші есептеуге (ауыстыруға) немесе артық төленген соманы өз  банктік шотыңа қайтарып алуға болады.

«e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Артық төлемді пайдалану» қойындысында, қандай салық бойынша артық төлем бар, салық төлеуші  артық төлеммен қандай іс-әрекетті жасай алатыны  -  басқа салықтарға есепке алу немесе өзіннің банктік шотына қайтарып алуға болатыны көрсетілген. Ол үшін Сіз шот реквизиттерін, банкті және есепке жатқызу сомасын көрсетуіңіз қажет. Есеп айрысу мен ақшаны қайтару мерзімі  3-тен 5 күнге дейін.

Сондай –ақ, бұл қызмет арқылы Сіз салықты, мемлекеттік кірістер органының (МКО) басқа аймағына қате  төлеген жағдайда, Сіз дұрыс МКО аймақтық кодына есепке қою туралы өтінішті  жібере алатыңызды атап өткіміз келеді.