Олардың қиялдары ұтқыр, қолдары шебер…

Олардың қиялдары ұтқыр, қолдары шебер…

Алтай ауданында көркем кәсіп шеберлеріне, қолөнер бұйымдарының көрмесі мен жәрмеңкелерге көп көңіл бөлінеді. Қолөнер шеберлерінің аудан әкімі Ж. Аскаровамен кедесуі өтті, кездесу барысында жергілікті шеберлер әрекетінің маңыздылығы талқыланды.

- Біздің арамызда осындай шығармашыл, жасампаз адамдардың болғанына біз қуаныштымыз. Біз сіздердің жетілгендеріңізді, дамығандарыңызды, сіздердің еңбектеріңізді балаларыңыздың көргенін қалаймыз, - деп белгіледі Жанна Аскаровна.

Алтай ауданында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрме-конкурс жоспарлануда. Кездесуде көркем кәсіп шеберлерінің көрмесін өткізу талқыланды.

 Ж.Аскарова бұл іс-шараға қолөнершілердің қатысуының маңыздылығын белгіледі, іс-шаралар шеберлердің өз әлеуетін ашуға және кәдесыйларын сатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әр қолөнершінің шеберлік-сыныбын өткізу мүмкіндігі болу үшін орталықтандырылған шеберлер тобы құрылады.

Кездесу аясында халық өнерін жаңғырту, дамыту жөніндегі шеберлердің болашағы талқыланды.