Жыл сайын 1-наурызда Қазақстан Республикасында Бүкіл әлемдік Азаматтық қорғаныс күні аталып өтіледі.
Әр жыл сайын Бүкіл әлемдік Азаматтық қорғаныс күні белгілі бір ұранмен өткізіледі. 2021 жылы «Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті азаматтық қорғаныс».
ТЖ туындаған кезде адамдардың қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету, оларға қажетті көмек көрсету – мемлекеттің және Алтай ауданының ТЖБ маңызды функциялары.
Қазіргі кезде Алтай ауданының ТЖ басқармасы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде, қаланың нысандарындағы АҚ құрамаларының және материалдық-техникалық базаның сақталуы бойынша іс-шаралар жүргізеді. Олардың епті қимылдарынан адамдар өмірі мен қоршаған ортаның сақталуы байланысты болатын АҚ күштері мен халықты бейбіт және соғыс уақытындағы экстремалды жағдайлардағы іс-қимылдарға жан-жақты дайындауға қол жеткізеді. Өз мүмкіндіктерінше халықты қорғау және қауіпсіздікті жетілдіру, жеке меншікті және қоршаған ортаны барлық табиғи опаттар мен техногендік апаттардан қорғау міндеттерімен айналысады.
Аудан аумағында үнемі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қандай іс-әрекет жасау керектігінің практикалық дағдыларын беретін табиғи опаттардың әр түрі бойынша оқулар мен жаттығулар өткізіледі. АҚ басшылары мен мамандары, Азаматтық қорғаныс қызметтері, авариялық-құтқару құрамалары жеке құрамының өз бағыттары бойынша іс-қимылдарға дайындығы жөніндегі кәсіптік дайындық дағдылары жетілдіріліп отырылады.
Ауданның ТЖ басқармасымен азаматтық қорғау қызметтерінің бірігіп жұмыс жасауы көптеген төтенше жағдайлардың алдын алуға ықпал етеді.
Өмір бізді болып жатқан шындыққа шынайы баға беруді үйретеді және өз - өзіңді, өз жақындарыңды және қоршаған ортаны төтенше жағдайлардан қорғау мәселесін шешуге дайын болуға мәжбүр етеді. Сол үшін, Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күнін өткізу – Азаматтық қорғаныстың мемлекеттік органдарымен орындалатын маңызды міндеттерге қоғамдық назарды қаратуға кезекті күш салу болып табылады.