Алтай ауданының  дүкендеріндегі  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізу

Алтай ауданының  дүкендеріндегі  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы No145 қаулысына сәйкес, құрамында 19 азық-түлік түрі енгізілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілді.

2021 жылдың 19 қаңтарында Алтай ауданының «ADALDYG ALANY» жобалау кеңсесінің арнайы мониторинг тобы Алтай ауданының «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ өкілімен бірлесіп Алтай ауданының дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына мониторинг жүргізді   

Дүкендер мониторингі Алтай ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жергілікті тауар өндірушілердің 39 дүкенінде сатылатынын көрсетті, онда: сүт өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, макарон өнімдері, шұжық өнімдері, сондай-ақ күнбағыс майы, жармалар сауда үстемесінсіз бағамен сатылады. 14 әлеуметтік дүкенде және 29 әлеуметтік бөлімде негізгі әлеуметтік маңызы бар өнімдер 10%-дан аспайтын сауда үстемесін қолдана отырып сатылады.  Сауда залдарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бар, бұл дүкенге келушілер үшін қажетті өнімдерді таңдауды жеңілдетеді

Сондай-ақ Алтай ауданының басқа да бірқатар дүкендеріне де мониторинг жүргізілді. Аталған дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары қолайлы нормалар бойынша сатылады, бұл ретте сауда үстемеақысы 15%-дан аспайды.

Алтай ауданның «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ басшысы Ғ.Қ. Алпыспаеваның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында, апта сайын ауданда ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің қатысуымен «Демалыс күндері» атты жәрмеңкелер өткізіледі.       

Мониторинг барысында, Алтай ауданының кәсіпкерлері, Алтай ауданындағы пандемия індетіне байланысты, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмендету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын көрдік.

Алтай ауданының «ADALDYG ALANY»жобалау офисі.