Алтай ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша жұмыстар жалғасуда

Алтай ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша жұмыстар жалғасуда

Алтай ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгін аудан әкімі К. Байгонусов сорғы станциясында болып қайтты.

-Су тасқыны айтарлықтай келеңсіз зардаптар келтіре алады. Тұрғын үй-жайлар мен әлеуметтік обьектілерді су басу, автомобиль жолдарын шаю, көпірлерді бұзу, коммуналдық құрылымдардағы ақаулар,сондай-ақ өсімдіктерді жою және малдардың қырылуы - бұның барлығы табиғи апат әкелетін зардартардың толық тізімі емес.  Бірақ су тасқынына жол бермеу үшін біз қолда бар барлық күшіміз бен құралдарды пайдалануымыз керек, - деп белгіледі Каликан Байгозынович. Су тасқыны болған жағдайда сорғы станциясының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін Каликан Байгозынович Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Р.М. Карабалиновқа қосымша қуаты кемінде сағатына 1500-2000 текше метр қосымша реверв сорғышын сатып алуды тапсырды. Тиекті ысырманы ауыстыру жүргізілсін. Қала әкімінің міндетін  атқарушы В. Молотков су тасқыны кезеңі басталғанға дейін сорғының  кіріс жинағышын тазалауды ұйымдастырсын. Суды апаттық  лақтыру үшін суарқалық бақылауда болсын.  "Алтай ауданының ТЖ басқармасы" РММ бастығы Е. Касымканов  айтылған барлық мәселелерді бақылауда ұстасын.