Алтай ауданының әкімі К. Байгонусов жеке өзі қала өзендеріне, арналарға, су өткізгіш бөгеттерге және суарқалықтарға мониторинг жүргізді

Алтай ауданының әкімі К. Байгонусов жеке өзі қала өзендеріне, арналарға, су өткізгіш бөгеттерге және суарқалықтарға мониторинг жүргізді

Зерттеулер су тасқыны мәселелері жөніндегі жұмыс комиссиясы мүшелерімен бірге жүргізілді. Комиссия құрамында әкімнің орынбасары С. Охременко,  аудан әкімінің кеңесшісі Н. Игнашин, ауданның аумақтық қорғанысының арнайы тобының басшысы А. Тымбаев, ТЖБ бастығы Е. Касымканов,дербес бөлімдер басшылары бар.Алтай ауданында су тасқынын болдырмау мақсатында су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары әзірленді. Қала және ауылдар көшелеріне мониторинг жүргізіледі,  жеке секторда көшелер қардан тпзалануда, нөсер кәріздерін тазалау жұмыстары басталды. Су тасқынына қарсы шараларды орындау кезінде ауа райының климат жағдайлары,сондай-ақ өткен жылдардағы су тасқыны кезіндегі нәтижелер ескеріледі.Зерттеу барысында аудан әкімі Каликан Байгозынович Алтай қаласы әкімінің м.а. В. Молотковқа су тасқынвна қарсы іс-шаралар ұйымдастыруды, соның ішінде обьектілерге кезекшілік орнатуды тапсырды. Іс-шаралардың орындалуын бақылауды әкім ТЖБ бастығы Е. Касымкановқа жүктеді.