
Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің көпшілік алдында сөйлеу, сыни ойлау, дәлелді пікір айту және өз ұстанымын сындарлы қорғау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Турнирді Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы, этика жөніндегі өкіл Ж. Аскарова ашып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке дамуы, қарым-қатынас мәдениеті мен мемлекеттік қызмет қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Пікірталасқа аудан әкімдігі мен дербес бөлімдерден құралған 8 команда қатысты. Қатысушылар өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша пікірлерін білдіріп, дәлелдер келтіріп, қарсы тараптың ұстанымдарына жауап берді. Бағалау барысында сөйлеу мәдениеті, логикалық ойлау, командалық жұмыс және сындарлы шешім ұсына білу қабілеттеріне назар аударылды.
Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында тәжірибе алмасуға, ашық пікір алмасуға және кәсіби қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді.
Турнир қорытындысы бойынша белсенді қатысушыларға алғыс хаттар, ал жеңімпаз командаларға грамоталар табысталды.