
Жылумен жабдықтау нысандары жоспарға сәйкес дайындалуда. Қазандықтар, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, көпқабатты үйлер - 100% дайын.
Алдағы жылу беру маусымына көмірге қажеттілік 158,6 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі күні қазандықтарға 35,3 мың тонна, тұрғын үй тұтынушыларына 40,2 мың тонна жеткізілді.
Қазандық құрал-жабдықтарын жөндеуге 735 млн. теңгеден артық қаражат жұмсалды.
Алтай қаласының қазандықтарындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентінде 95-100% орындалды.
Жылу желілерін жаңарту жалғасуда. Жаңа Бұқтырма кентінде 22,3 км желілердің 22,2 км өткізілді. Серебрянск қаласында магистральды жылу желілерін жаңғырту жедел қарқында жүргізілуде.
2026 жылғы 1 қазаннан бастап әлеуметтік нысандар – білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және басқа да әлеуметтік нысандарда жылу қосыла бастады.
Қысқ мерзіміне дайындық үнемі бақылауға алынған. Негізгі мақсат – аудан тұрғындары мен әлеуметтік нысандарды сенімді және үздіксіз жылумен қамтамасыз ету.