Жылыту маусымына дайындықты бақылау

Жылыту маусымына дайындықты бақылау

21 қыркүйекте аудан әкімінің орынбасары Шаухин З.М. Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентіндегі жылумен жабдықтау нысандарына барып, жұмыс барысымен танысты.
Сапар барысында қазандықтардың жағдайы мен жұмысы, сондай-ақ алдағы жылыту маусымына нысандарды дайындау барысы тексерілді. Жылу желілері мен жылу трассаларының жай-күйіне, жабдықтардың дайындығына және жоспарланған іс-шаралардың орындалуына ерекше назар аударылды.
Мердігер ұйымдармен жұмыс кездесулері өткізіліп, тиісті мәселелер талқыланды. Анықталған мәселелер бойынша қажетті түсіндірмелер беріліп, нақты міндеттер қойылып, оларды орындау мерзімдері белгіленді.
Жылумен жабдықтау нысандарын жылыту маусымына дайындау жұмыстары тұрақты бақылауда.