Ұжым қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды, қызметтік әдеп нормаларын, қызметтік тәртіпті сақтау және мемлекеттік қызметшілердің өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерін тиісінше орындау мәселелері бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Ұжым қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды, қызметтік әдеп нормаларын, қызметтік тәртіпті сақтау және мемлекеттік қызметшілердің өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерін тиісінше орындау мәселелері бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының негізгі ережелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде белгіленген талаптар қаралды.
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оларға жол бермеу, белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ қызметтік өкілеттіктер мен лауазымдық жағдайды жеке, пайдакүнемдік немесе қызметтік міндеттерді орындауға байланысты емес өзге де мақсаттарда пайдалануға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік мінез-құлық нормаларын, адалдық, әділдік, бейтараптық және жауапкершілік қағидаттарын өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында мүлтіксіз сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Әріптестерімен және азаматтармен қарым-қатынас жасау мәдениетін сақтау, дөрекілікке, әдепсіз мінез-құлыққа, кемсітушілікке және мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін өзге де әрекеттерге жол бермеу мәселелеріне жеке тоқталынды.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтау және оларды барынша азайту, азаматтардың өтініштерін қарау тәртібін сақтау, қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау, кәсіби және қызметтік мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыру, лауазымдық міндеттерін адал орындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен мүдделер қақтығысының алдын алу бойынша қажетті шараларды қабылдау ұсынылды.
Әрбір мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және өзіне жүктелген функционалдық міндеттерді тиісінше орындау үшін дербес жауапкершілік атқаратыны атап өтілді.