
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Ауыл Аманаты» несие беру бағдарламасын іске асыру.
Кездесу барысында бағдарлама ауыл тұрғындарын мемлекеттік қолдаудың маңызды құралы болып табылатыны, шағын және отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, қолданыстағы бизнес жобаларын кеңейтуге және ауылдық елді мекендердің тұрғындарының табысын арттыруға бағытталғаны атап өтілді.
Кәсіпкерлер палатасының директоры Жанар Ермаққызы Садықова бағдарламаның барысы, қаржыландырудың негізгі бағыттары және нәтижелері туралы ақпаратты ұсынды.
Кездесуге қатысушылар қаржыландыруға қолжетімділік, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, кәсіпкерлерді қолдау, аяқталған жобаларды бақылау және олардың тиімділігі мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша бағдарламаны одан әрі дамыту, ауыл тұрғындарын, соның ішінде жастар мен отбасыларды кәсіпкерлікке белсенді тарту және бағдарламаға қатысушыларға консультациялық қолдау көрсету бойынша ұсыныстар әзірленді.
«Ауыл аманаты» - ауыл тұрғындарына өздерінің бизнес идеяларын жүзеге асыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және туған ауылдарының дамуына үлес қосуға мүмкіндік.