
Кештің салтанатты бөлімі Алтай қаласының әкімі Сергей Охременконың құттықтау сөзімен басталды. Ол тұрғындар мен қонақтарды мерейтоймен құттықтап, қалаға өркендеу, ал тұрғындарға зор денсаулық, бақыт пен табыс тіледі.
Мерекелік бағдарлама аясында «Үздік үй», «Үздік аула» және «Үздік кіреберіс» қалалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Кештің жалғасы үлкен концертке ұласып, сахнада Алтай ауданының өнерпаздары, «Куба» кавер-топ, «Флеш» шоу-балеті және Асем Рысбаева өнер көрсетті. Көрермендер әншілерді зор ықыласпен қарсы алып, концерттен ерекше әсер алды.
Мерекелік кеш жастар дискотекасымен жалғасып, ал оның шарықтау шегі жарқын отшашу болды. Түрлі түсті оттар қала аспанын нұрға бөлеп, мерекелік шараның әдемі қорытындысына айналды.
235 жыл — бұл бай тарих, игі дәстүрлер және туған қаланың бүгіні мен болашағын қалыптастырып келе жатқан адамдар.
Қаланың мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар «Қазцинк» ЖШС-нің қолдауымен өтті.
Туған күніңмен, Алтай! Қаламыз дами берсін, өркендей берсін және жыл сайын көркейе түссін!