
Кеңес барысында мінез-құлық мәдениетіне, әріптестер мен азаматтарға құрметпен қарауға, қызметтік әдеп нормаларын сақтауға және ұжымда қолайлы ахуал қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар сәлемдесу мәдениетіне ерекше көңіл бөлінді. Сәлемдесу мәдениеті – бұл жай ғана қарым-қатынас формасы емес, ұлттық болмысымыз бен тәрбиеміздің маңызды бөлігі. Қазақ халқының дәстүрінде құрмет әрдайым ізетті сөз, жылы қарым-қатынас, дауыс ырғағы, құрмет білдіретін ишара, үлкенге ізет көрсету және әңгімелесушіге деген ілтипат арқылы көрініс тапқан.
Сәлемдесу мәдениеті – белгілі бір формальдылық немесе талапты орындау ғана емес. Ол адамның қадір-қасиетіне, жасына және мәртебесіне құрметпен қараудың, әдептілік пен ішкі мәдениеттің көрінісі.
Мемлекеттік қызмет саласында бұл нормалардың маңызы ерекше. Себебі әрбір мемлекеттік қызметші өзі қызмет атқаратын мемлекеттік органның бет-бейнесі болып табылады. Әдептілік, сыпайылық, ұстамдылық, әңгімелесушіні мұқият тыңдай білу және диалогты дұрыс әрі мәдениетті жүргізу – азаматтардың сенімін арттырып, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырады.
Бұл ретте ұстамдылық салқындықты немесе немқұрайлылықты білдірмейді. Керісінше, ол адамға деген құрметтің, парасаттылықтың және жақсы тәрбиенің белгісі болып табылады.
Құрметке көзге түсердей эмоция қажет емес – ол ең алдымен адамның өзін ұстау мәдениетінен, айналасындағыларға деген қарым-қатынасынан, тыңдай білуінен, дұрыс сөйлеп, лайықты әрекет етуінен көрінеді.
Кеңес соңында Әдеп кодексін сақтау тек белгіленген талаптарды орындау ғана емес, сонымен қатар әр адамның өзін-өзі күнделікті жетілдіруі, өзінің мінез-құлқына және айналасындағыларға деген қарым-қатынасына жауапкершілікпен қарауы екені атап өтілді.
Мемлекеттік қызметшінің мәдениеті күнделікті қарапайым әрекеттерден қалыптасады. Ал сол мәдениет – қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімінің маңызды негіздерінің бірі.