Мониторинг тобының мүшелері Алтай ауданының тұрғындарының естеріне тағы да санитарлық...

Мониторинг тобының мүшелері Алтай ауданының тұрғындарының естеріне тағы да санитарлық...

Мониторинг тобының мүшелері Алтай ауданының тұрғындарының естеріне тағы да санитарлық нормаларды сақтауды салып өтті. Тек осылайша ғана коронавирустың таралуын тоқтатуға, өзіңізді және жақындарыңызды коронавирусты жұқтыру қатерінен сақтауға болады. Тұрғындардың денсаулықтарын сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерде азаматтарға қауіпсіз аймақ жасау, коронавирус инфекциясының таралуын ескерту мақсатында  мониторинг топтары Алтай ауданындағы кәсіпкерлік объектілерін, ұйымдарды эпидемияға қарсы іс-шараларды орындау бойынша күнделікті бақылау жалғасуда.

Рейд барысында өзін-өзі жұмыспен қамтыған Рашид Акзамович Султангуловтың өз жұмыс орнында жеке қорғану құралдарын (қолғап) пайдаланбайтыны анықталды. Осылайша санитарлық нормаларды бұзды. Оған қатысты сәйкес шаралар қабылданды.