Алтай ауданында коронавирус инфекциясының таралуын ескерту, адамдар көп жиналатын...

Алтай ауданында коронавирус инфекциясының таралуын ескерту, адамдар көп жиналатын...

Алтай ауданында коронавирус инфекциясының таралуын ескерту, адамдар көп жиналатын жерлерде азаматтарға қауіпсіз аймақ жасау, тұрғындардың денсаулықтарын сақтау мақсатында кәсіпкерлік объектілерінің эпидемияға қарсы іс-шараларды орындауы бойынша мониторинг топтарының күнделікті бақылауы жалғасуда.

Топтардың негізгі міндеті түсіндіру жұмыстары, субъектілердің қолданыстағы карантиндік және шектеу ережелерін, сондай-ақ жеке тұлғалардың коронавирус инфекциясының профилактикалық шараларын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

Рейд кезінде мониторинг тобы Серебрянск қаласындағы «Алекс» дүкенін тексерді. Тексеру кезінде сатушы болып істейтін Елена Васильева жұмыс орнында жеке қорғану құралдарынсыз болды: медициналық қолғап болмады. Осылайша қоғамдық орында санитарлық нормаларды бұзды. Мониторинг тобы сәйкес шаралар қабылдады.