«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Центр-С» ЖШС Феклистовка ауылындағы Молодёжная көшесінде орналасқан № 2, 3 және 5 екі қабатты, ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған көппәтерлі тұрғын үйлерді бөлшектеу және бұзу жұмыстарын бастады.
Аталған жұмыстар елді мекеннің санитариялық жағдайын жақсартуға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, апатты әрі қауіп төндіретін нысандарды жоюға, сондай-ақ ауыл аумағын абаттандыруға және сәулеттік-көркем келбетін жақсартуға бағытталған.