Жаңа Бұқтырма кенті күн санап көркейіп келеді/

Жаңа Бұқтырма кенті күн санап көркейіп келеді/

Жаңа Бұқтырма кенті жыл сайын заман талабына сай жаңарып, тұрғындар үшін жайлы мекенге айналып келеді. Мұнда ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде: жаңа сәулет нысандары бой көтеріп, қоғамдық демалыс орындары абаттандырылып, көшелер мен жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналған жаңа саябақта енді отбасымен уақыт өткізуге барлық жағдай жасалған.
Туяков Ақылбек, Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғыны (осында 10 жылдан бері тұрады):
— «Соңғы он жылда кентіміз қатты өзгерді. Бұрын демалатын орындар аз болатын, ал қазір әдемі саябақтар салынып, көшелер көркейіп жатыр. Кенттің дамып келе жатқаны анық байқалады. Мұнда өмір сүру әлдеқайда жайлы болды.»
Тұрғындардың жайлы өмір сүруіне ерекше көңіл бөлінуде. Жаңа абаттандыру нысандары кенттің көркін ашып, оны жергілікті тұрғындармен қатар қонақтар үшін де тартымды ете түсуде.
Бедарева Лидия Васильевна, Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғыны:
— «Осындай жақсы өзгерістерді көру өте қуантады. Барлығы әдемі әрі таза болып келеді. Енді балаларымызбен, немерелерімізбен серуендеп, тынығатын орындар бар. Осындай игі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тапса екен.»
Демалыс аймақтарымен қатар көшелерді жөндеу және инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары да жалғасуда. Бұл тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынауына мүмкіндік береді.
Киселева Тамара Илларионовна, Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғыны:
— «Өзгерістерді күн сайын байқап жүрміз. Жолдардың жөнделіп, жаңа нысандардың салынғаны көңіл қуантады. Кентіміз заманауи әрі жайлы болып келеді. Мұндай өзгерістер барлық тұрғындарды қуантады»
Жаңа Бұқтырма кентін көркейту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Кешенді абаттандырудың нәтижесінде кент тұрғындардың өмір сүруіне, демалуына және бас қосуына қолайлы, жайлы мекенге айналып келеді.