Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – әрқайсымыздан басталады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – әрқайсымыздан басталады

 

Адалдық – әділетті қоғам мен қуатты мемлекеттің берік негізі.
Өз міндетін адал әрі жауапкершілікпен атқаратын мемлекеттік қызметші – халыққа қызмет етіп, азаматтардың сенімін нығайтады.
Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес. Әрбір азамат заңды сақтап, адал өмір сүріп, кез келген заңсыз әрекеттен бас тарту арқылы еліміздің жарқын болашағына өз үлесін қосады.
Біз тек бірлескен күш-жігердің арқасында адалдық, ашықтық және әділдік басты құндылықтарға айналған қоғамды қалыптастыра аламыз.
Адал мемлекеттік қызметші. Адал қоғам. Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ – бүгіннен басталады.