
Отырыс барысында комиссия мүшелері үміткерлер ұсынған 15 бизнес-жобаны қарады. Әрбір жоба экономикалық негізділігі, өзектілігі, даму перспективалары және мемлекеттік гранттық қаржыландыру бағдарламасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жан-жақты бағаланды.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия 8 бизнес-жобаны мақұлдау туралы шешім қабылдады.
Өтеусіз мемлекеттік гранттарды беру кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын бизнесті дамытуға және халықтың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.