
Алтай қаласында тау-кен металлургия саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Металлург күні кең көлемде аталып өтті.
Мерекелік іс-шара барысында аудан әкімі Құрмамбаев Р.Т. металлургтерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, саланың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған зор үлесін атап өтті. Сондай-ақ, сала ардагерлері мен еңбек адамдарына адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және өз ісіне деген жауапкершілігі үшін алғысын білдірді.
Металлургтерді Шығыс Қазақстан тау-кен байыту кешенінің директоры, кен байыту өндірісі жөніндегі атқарушы директор Анисимов И.Н. де құттықтады. Ол кәсіпорын ұжымына жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және өндірісті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ризашылығын білдіріп, зор денсаулық пен толағай табыс тіледі.
Мерекелік шара аясында кәсіпорынның дамуына және металлургия саласының өркендеуіне айрықша үлес қосқан үздік металлургтер медальдармен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
ТОО «Қазмырыш» қала тұрғындары мен қонақтарына тамаша мерекелік кеш сыйлады. Сахнада Қазақстанның танымал «Домино» және «Мадагаскар» музыкалық топтары өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады.
«Қазмырыш» ЖШС – Қазақстанның түсті металлургия саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Компания өндірістегі жоғары нәтижелерді, заманауи технологияларды енгізуді және әлеуметтік жауапкершілікті табысты ұштастырып келеді.