Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын өткізілетін «Үздік орта білім беру ұйымы» байқауының қорытындысы шығарылды.

Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын өткізілетін «Үздік орта білім беру ұйымы» байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқау нәтижесінде өңірдің төрт мектебі жалпы сомасы 68 миллион теңге көлемінде грантқа ие болды. Жеңімпаздарды марапаттау тамыз педагогикалық кеңесінде өтеді.
Бас жүлдені 104 балл жинаған Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей иеленді. Білім беру ұйымына 20 миллион теңге көлемінде грант табысталады.
Бірінші орынды 90 балл жинаған Алтай қаласындағы №9 орта мектеп иеленді. Байқау қорытындысы бойынша мектепке 18 миллион теңге көлемінде грант берілді. Бұл жетістік – білім беру сапасының жоғары деңгейін, педагогикалық ұжымның кәсіби шеберлігін және оқушылар үшін қолайлы әрі сапалы білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Бөлінген грант қаражаты мектептің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайтуға және жаңа білім беру бастамаларын жүзеге асыруға бағытталмақ.
Екінші орын 89 балл жинаған Күршім ауданындағы №5 орта мектепке бұйырды. Грант көлемі – 16 миллион теңге.
Үшінші орынды 88 балл жинаған Зайсан ауданындағы Сарытерек орта мектебі иеленіп, 14 миллион теңге көлемінде грантқа ие болды.