
Сондай-ақ еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленістің алдын алу шаралары талқыланды.
Отырысқа әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Алтай ауданы Ж. Аскарова төрағалық етті. Ол комиссия мүшелерінің назарын еңбек заңнамасының сақталуын күшейту және жұмыс берушілердің міндеттемелерді уақтылы орындауын қамтамасыз ету қажеттілігіне аударды.
Отырыста Алтай ауданы – Алтай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Иксанов Алибек Айтбаевич сөз сөйлеп, 2026 жылғы 01.01 бастап берешекті өндіріп алу мақсатында Мемлекеттік кірістер басқармасымен тиісті шаралар қабылданғанын хабарлады.