Алтай қаласында Шығыс Қазақстан облысы хирургтері қоғамының көшпелі отырысы өтті.

Алтай қаласында Шығыс Қазақстан облысы хирургтері қоғамының көшпелі отырысы өтті.

Жиынға қатысушыларды аудан әкімі Құрмамбаев Р.Т. құттықтау сөз сөйлеп қарсы алды. Өз сөзінде ол мұндай кездесулердің медицина саласындағы кәсіби қауымдастық үшін маңызы зор екенін атап өтті. Мұндай басқосулар тәжірибе алмасуға, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін талқылауға, озық медициналық технологияларды енгізуге, сондай-ақ өңірдегі медициналық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Аудан әкімі бүгінгі көшпелі отырыс ашық кәсіби пікір алмасу жағдайында өтіп, жаңа шешімдердің қабылдануына жол ашатынына және халыққа көрсетілетін хирургиялық көмектің сапасын арттыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар, ол ұйымдастырушылар мен барлық қатысушыларға бұл маңызды іс-шараны Алтай қаласында өткізуге мүмкіндік бергендері үшін алғысын айтып, барша қатысушыларға нәтижелі жұмыс, мазмұнды пікірталастар, кәсіби табыстар, зор денсаулық, амандық және игілікті еңбектеріне толағай жетістіктер тіледі.
Алтай қаласының ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Нүрекенев О.З. өз сөзінде Шығыс Қазақстан облысы хирургтері қоғамының көшпелі отырысының Алтай қаласында өтуі өңірдің медицина қауымдастығы үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай іс-шаралар мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға, тәжірибе алмасуға және хирургиялық көмекті көрсетудің заманауи тәсілдерін енгізуге ықпал етеді.
Шығыс Қазақстан облысының штаттан тыс бас хирургі Башабаев М.Т. көшпелі отырыстар өңір хирургтеріне қазіргі хирургияның өзекті мәселелерін талқылауға, күрделі клиникалық жағдайларды саралауға, диагностика мен емдеудің жаңа әдістерімен танысуға, сондай-ақ кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар, ол дәрігерлердің біліктілігін үздіксіз арттырудың маңыздылығына тоқталып, аудан басшылығына және Алтай қаласының ауданаралық ауруханасының ұжымына іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны әрі жылы қабылдағаны үшін алғысын білдірді.