
Жұмыс сапары барысында кемпірқосақ форелін өсіруге маманданған балық шаруашылығының қызметімен танысу өтті. Кәсіпорын басшылығы өндірістік қуаттарды, балық өсірудің технологиялық үдерістерін, инкубациялау, азықтандыру және форельді дамудың әртүрлі кезеңдерінде ұстау ерекшеліктерін таныстырды.
Сондай-ақ балық шаруашылығы саласын одан әрі дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту, аквакультураның заманауи технологияларын енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру және дайын өнімді өткізу перспективалары қаралды.
Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімінің кеңесшісі балық шаруашылығын дамытудың өңірдің агроөнеркәсіптік кешені үшін маңыздылығын атап өтіп, мұндай кәсіпорындар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ауылдық аумақтарды дамытуға және инвестиция тартуға елеулі үлес қосатынын айтты.