Құрметті Алтай ауданының тұрғындары!

Құрметті Алтай ауданының тұрғындары!

Сіздердің назарларыңызға есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресуге және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған заманауи Clean Streets инновациялық жобасын ұсынамыз.
Мобильді қосымша арқылы күмәнді жағдайлар туралы фотосурет немесе дауыстық хабарлама жіберу арқылы жедел әрі қауіпсіз түрде хабарлай аласыз. Әрбір өтініш жедел қаралып, тиісті шаралар қабылдау үшін жауапты органдарға жолданады.
Сіздің қырағылығыңыз бен белсенді азаматтық ұстанымыңыз – ауданымыздың қауіпсіздігіне қосқан маңызды үлесіңіз!