Жұмыс сапары барысында аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, заңның үстемдігін және мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты заң екені атап өтілді.
Сапар аясында аудан әкімі өрт сөндіру бекетінің орналасатын орнымен танысып, оның жұмысын ұйымдастыру мәселелері мен халықтың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды қарастырды.
Сонымен қатар, Р.Т. Құрмамбаев ауылдық округтегі әлеуметтік нысандарды аралап, олардың қызметімен, материалдық-техникалық жағдайымен және атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.