
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі Никольск ауылында салынып жатқан ветеринариялық пункттің құрылыс жұмыстарымен танысып, құрылыс алаңын аралап, жауапты тұлғалармен жобаны іске асыру мерзімдерін талқылады.
Сондай-ақ аудан әкімі өрт сөндіру бекетін салуға жоспарланған жер учаскесін қарап, жобаны одан әрі іске асыру және қажетті инфрақұрылымды дайындау мәселелерін қарастырды.
Бұдан бөлек, жұмыс сапары аясында бұзуға жататын иесіз тұрғын үйлердің аумағы қаралды. Босаған жер телімдерін абаттандыру, елді мекеннің санитариялық жағдайын жақсарту және округ тұрғындары үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша округ әкімі Ахметова Қ.А.-ға жоспарланған жұмыстарды уақытылы әрі сапалы орындау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.