
Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту мемлекеттік қызмет болып табылады және оны «Алтай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 14-1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығымен бекітілген Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
Бұл қызметті көрсету мерзімі – 4 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – қызмет алушы) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «электрондық лицензиялау» сыртқы ресурсы арқылы қызмет көрсетушіге келесі құжаттарды жібереді:
1) Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының ЭСҚ расталған электронды құжат түріндегі өтінішті;
2) Электронды жерге орналастыру жобасын.
Мемлекеттік қызметтік көрсетудің нәтижесі Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (ақпараттың) дәлсіздігі анықталғанда;
2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 151-бабының 4-тармағымен бекітілген талаптарға көрсетілетін қызметті алушы мен (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, деректер мен ақпарат арасындағы сәйкессіздік.
Қызмет алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» және бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан алу мүмкіндігіне ие.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша анықтама қызметінің байланыс нөмірлері порталда көрсетілген.Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777