Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету

Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету

www.egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы «Жылжымайтын мүлік» - «Жер қатынастары» бөлімінде электронды түрде өтініш беру арқылы қолданыстағы тұрғын үй ғимаратын немесе гаражды орналастыру үшін жер учаскесіне құқықтарды тіркей аласыз, жер учаскесінің мақсатты пайдаланылуын өзгерте аласыз немесе жеке тұрғын үй құрылысына жер кезегіне тұра аласыз.
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтердің тізімі, қажетті құжаттардың тізімі, көрсету тәртібі, мерзімдері және нәтижелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларында көрсетілген.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келесі қызметтерді электронды түрде алуға болады:
- «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу»;
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»;
- «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту»;
- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;
- «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»;
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызметі «электрондық лицензиялау» сыртқы ресурсында www.egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы ұсынылды.
«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» қызметі электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталында өтінім беру арқылы, жария кадастрлық картада сұралған жер учаскесіне жер бөлу схемасын дербес құру арқылы ұсынылады.
Қызмет алушы қалаған бос жер учаскесін мемлекеттік кадастрлық картаға шекараларын сызу арқылы дербес таңдайды. Бұл картада елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, инженерлік желілер, су қорғау аймақтары мен белдеулері және жер учаскесін таңдауға арналған басқа да қажетті құралдар көрсетіледі.

Содан кейін өтініш беруші өзінің өтінішінің мәртебесін және лауазымды тұлғалардың әрекеттерін жеке кабинетінде бақылай алады.
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша кеңестерді келесі мекенжай бойынша алуға болады: Алтай қаласы, Астана көшесі, 78. Байланыс телефоны 7-91-80.