Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіз жағдайын жасау мақсатында қазіргі уақытта Алтай және Серебрянск қалаларында 98 погон метр жасанды жол кедергілерін (ЖКК) орнату жұмыстары жүргізілуде.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіз жағдайын жасау мақсатында қазіргі уақытта Алтай және Серебрянск қалаларында 98 погон метр жасанды жол кедергілерін (ЖКК) орнату жұмыстары жүргізілуде.

Жасанды жол кедергілері білім беру ұйымдарының жанында және көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде орнатылуда.
Алтай қаласы:
1. Комсомольская көшесі – «Катюша» балабақшасы;
2. Каюпов көшесі – «Карлыгаш» балабақшасы;
3. Бочарников көшесі – «Катюша» балабақшасы.
Серебрянск қаласы:
1. Некрасов көшесі – мектеп;
2. Некрасов көшесі – колледж;
3. Садовая көшесі;
4. Новая көшесі;
5. Партизан көшесі.
ЖКК орнату жұмыстары 2026 жылғы 22 маусымда басталды. Жұмыстарды ағымдағы жылдың шілде айының ортасына дейін аяқтау жоспарлануда.
Шарттың жалпы сомасы 2,8 млн теңгені құрайды. Жұмыстар конкурс нәтижелері бойынша анықталған мердігер ұйым – жеке кәсіпкер «Тусупбеков» тарапынан орындалуда.
Сонымен қатар, бұрын орнатылған жасанды жол кедергілерін жөндеу және орнын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстары:
Алтай қаласы:
1. Ломоносов көшесі, №7 орта мектеп – 1 элемент;
2. Жаксыбаев көшесі, №8 орта мектеп – 8 элемент.
Серебрянск қаласы:
1. Ленин көшесі – 2 элемент.
Орнын ауыстыру:
Алтай қаласы:
1. Ломоносов көшесі – Астана көшесі;
2. Құрылыс тұйығы, №18 үй маңы.
Октябрь кенті:
1. Мектеп көшесі.
Аталған жұмыстар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және білім беру ұйымдары маңында балалар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.