
Дайындық шаралары жоспарға сәйкес жүргізіліп, тұрақты бақылауда тұр.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Тепловодоцентраль» КМК өз қаражаты есебінен қазандықтың негізгі және қосалқы жабдықтарын, сондай-ақ жылу желілерін жөндеу жұмыстарын тарифтік сметаларға сәйкес жалпы сомасы 57,7 млн теңгеге жүргізуде.
Сонымен қатар, Алтай қаласының аудандық қазандығының жабдықтарын жөндеуге аудандық бюджеттен 219,8 млн теңге бөлінді. 2026 жылғы сәуір айынан бастап МИТ Теплосервис мердігер ұйымы аудандық қазандық жабдықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінгі таңда келесі жұмыстар атқарылуда:
* №2 қазандықтың қыздыру беттерін ауыстыра отырып жүргізілетін ағымдағы жөндеу жұмыстарының орындалуы – 46%;
* №3 қазандықтың конвективтік шоғырын ауыстыра отырып жүргізілетін ағымдағы жөндеу жұмыстарының орындалуы – 37%;
* №1 және №2 конденсат салқындатқыштарының құбыр бөліктерін ауыстыруға дайындық жүргізілуде, қажетті материалдарды жеткізу күтілуде.
Жұмыс сапасы мен жөндеу кестесінің сақталуына ерекше назар аударуды тапсырдым. Барлық жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде аяқтап, Алтай қаласы мен аудан тұрғындарын 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымында тұрақты әрі сенімді жылумен қамтамасыз ету – басты міндет.