
Қазіргі таңда 7 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда:
* «Алтай қаласының №7 орта мектебі» КММ-де жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде;
* «Алтай қаласының №11 орта мектебі» КММ-де кіреберіс тобына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде;
* «М. Бикетов атындағы орта мектеп» КММ-де шатырға ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды;
* «Алтай қаласының С. Нұрмағамбетов атындағы орта мектебі» КММ-де ас блогына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде;
* «Алтай қаласының №2 бастауыш мектебі» КММ-де қосымша ғимаратты бұзу жұмыстары жүргізілуде;
* «Зубов орта мектебі» КММ-де қазандықты ағымдағы жөндеу және жылыту қазандығын ауыстыру жұмыстары жоспарланған;
* «Ново-Бұқтырма №2 орта мектебі» КММ-де екі жобаны іске асыру жоспарланған: шатырға ағымдағы жөндеу жүргізу және жертөле бөлмесіндегі су құбыры мен кәріз жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Жоғарыда аталған барлық жобалар бойынша жұмыстардың жалпы құны 75,45 млн теңгені құрайды.
Сапар барысында жөндеу жұмыстарының орындалу қарқыны мен сапасы, жұмыс кестелерінің сақталуы, сондай-ақ нысандардың жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтауға дайындығы тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша мердігер ұйымдар мен білім беру мекемелерінің басшыларына барлық жоспарланған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.
Білім бөлімі аудан оқушылары үшін қауіпсіз әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында жөндеу жұмыстарының барысына тұрақты бақылауды жалғастыруда