
Конференция аясында «Дизайн-ойлау: идеядан нәтижеге дейін» атты көрме ұйымдастырылып, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асырудың озық тәсілдері таныстырылды.
Іс-шараның модераторы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Ж.К. Буканова болды.
Пленарлық отырыс барысында қатысушылар мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау, инновациялық технологияларды енгізу, цифрлық сервистерді дамыту және мемлекеттік органдар қызметінде жасанды интеллектті қолдану мәселелерін талқылады.
Конференцияда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері баяндама жасады.
Спикерлер қатарында Алтай ауданы әкімінің орынбасары Асқарова Жанна Асқарқызы «Алтай ауданында цифрландыру дәуіріндегі мемлекеттік басқаруды іске асыру» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ол ауданда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, заманауи ақпараттық жүйелерді енгізу, тұрғындар үшін электрондық сервистердің қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік органдар қызметінде цифрлық технологияларды пайдалану бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.
Конференция қатысушылары мемлекеттік басқару сапасын арттыру және көрсетілетін қызметтердің тиімділігін жақсарту мақсатында цифрлық шешімдерді одан әрі дамыту, үздік тәжірибелермен алмасу және мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.