
Хабарландыру
БЖЗҚ Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында «Ашық есік күніне» шақырады
2026 жылғы 26 маусымда БЖЗҚ ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында «Ашық есік күнін» онлайн форматта өткізеді.
Іс-шараның мақсаты - салымшылар мен алушыларды БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстыру, сондай-ақ Қор қызметтерін қауіпсіз түрде алу және алаяқтар мен жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау туралы ақпараттандыруды арттыру.
Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері туралы айтып беретін болады.
Іс-шараның жеке блогы ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналады. БЖЗҚ мамандары азаматтар кездестіріп жүрген алдаудың кең таралған схемалары туралы айтып береді, сондай-ақ дербес деректерді қорғау бойынша практикалық ұсынымдар береді.
Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 2026 жылғы 26 маусымда сағат 09:30, 11:00, 14:00 онлайн форматта өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет
|
Event-совещание/ Event- жиналыс/ Event meeting: |
Мероприятие «День открытых дверей» АО «ЕНПФ»/ «Ашық есік күнінің» |
||
|
Адрес совещания для регистрации/ Тіркелу үшін оқиға мекенжайы/Meeting address for registration: |
https://enpf.webex.com/weblink/register/re532be292a6e5a8abb5a8808d2e38c8b |
https://enpf.webex.com/weblink/register/reec18696df40f018ebd7d8b7b29a6ad2 |
https://enpf.webex.com/weblink/register/rcc2d1e23ebcc9f8eb85d72f61545b15d |
|
Дата и время/ Күні мен уақыты/Date and time: |
09:30 - 10:30 пятница, 26 июня 2026 г. (UTC+05:00) Астана |
11:00 – 12:00 жұма, 26 маусым 2026 ж. (UTC+05:00) Астана |
14:00 – 15:00 пятница, 26 июня 2026 г. (UTC+05:00) Астана |
|
Номер event-совещания/ Event- жиналыс нөмірі/ Event meeting number: |
2512 657 6440 |
2517 224 1764 |
2519 850 5069 |
|
Пароль event-совещания/ Event- жиналыс паролі/ Event meeting password: |
126744 |
3453889 |
548832 |
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!