12 маусымда Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж.А. Аскарованың төрағалығымен Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

12 маусымда Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж.А. Аскарованың төрағалығымен Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссия жұмысына Алтай ауданы прокуратурасының прокуроры А.М. Жаканова, ШҚО Білім басқармасының «Алтай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Б.К. Канафина, «Алтай ауданының аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры Т.А. Дорофеева, сондай-ақ денсаулық сақтау, ішкі істер органдары, қорғаншылық және қамқоршылық салаларының өкілдері мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Отырыс барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындауы, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы жанжалды жағдайлардың туындау себептері мәселелері қаралды.
Әрбір қаралған жағдай бойынша өзекті мәселелер талқыланып, қалыптасқан ахуалдың себептері анықталды және оларды жоюға бағытталған нақты шаралар белгіленді.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты қызметтер мен ұйымдарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмысты күшейтуге, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған тапсырмалар берілді.