Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағановтың тапсырмасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының делегациясы 2026 жылғы 10-12 маусым аралығында Ақмола облысына барады. Сапардың мақсаты – Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары арасында ауыл шаруашылығы саласында тәжірибе алмасу, заманауи кластерлердің жұмысымен танысу, сондай-ақ екі облыс арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасау.

Сапар аясындағы маңызды нысандардың бірі – «Агрофирма Родина» ЖШС. Аталған шаруашылықты көрнекті қазақстандық аграрий, Қазақстанның Еңбек Ері, экономика ғылымдарының кандидаты Иван Адамович Сауэр басқарады.

Жалпы, үш күндік бағдарлама Ақмола облысының алты ауданындағы 27 ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды қамтиды.